Болашақтың таңдауы – жастардың қолында

Болашақтың таңдауы – жастардың қолында

Дүниежүзілік сайлау күніне орай, аудан аумағында бірқатар іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Айталық, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Ашығалиева Құлсары қаласындағы Білім-Инновация лицейінде оқушылармен кездесу өткізді. «Қазақстан Республикасының сайлау құрылымы және жүйесі» тақырыбында өткен шарада мемлекеттік билікті қалыптастырудағы сайлаудың рөлі мен маңызы айтылды.

9 сынып оқушысы Байдәулетов Айбек пікірімен бөлісті.

Тәрбие сағатына лицей директорының орынбасары Ж.Қазекенова, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Е.Құмаров қатысты.

Онда «Жастар және сайлау құқығы» тақырыбында дебат өтіп, мектеп оқушылары өз ой-пікірлерін ортаға салды.

№9 мектептің 9 «ж» сынып жетекшісі, №259 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы С.Станова оқушылардың әрі болашақ сайлаушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында мектепішілік «Азат» пікірсайыс клубы мүшелерімен бірлесіп, «Жастар және сайлау құқығы» атты дебат өткізді. Оқушылар онда мемлекет үшін әрбір азаматтың таңдауы маңызды екенін түсініп, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін сайлауға белсене қатысатынын жеткізді.

-Барша халықты еліміздің қоғамдық-саяси шараларына араласып, әр қашан өз даусымызды қорғауға шақырамыз. Әр адамның таңдауы маңызды. Жарқын болашақ үшін, әділдік үшін дауыс беріңіздер!-деді дебатты ұйымдастырушылар.

С.Станова, №259 учаскелік сайлау

комиссиясының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521