«Болашақтың» болашағы зор

Құлсары қаласының «Болашақ» ықшамауданынан тұрғындарға жер телімінің берілгеніне де жиырма жылға жуықтап қалды. Инфрақұрылымның жоқтығынан кезінде тұрғын үй салуға мүмкіндік болмаған соң мұндағы жер иелерінің көпшілігі өз меншігіндегі учаскелерін су тегінге сатып кетті. Өйткені, аты бар да заты жоқ ықшамауданнан кім баспана тұрғызсын?!

Тек соңғы екі жылдан бері ғана бұл жерлерге жан біте бастады. Себебі, электр желісі жүргізіліп, с у қ ұ б ы р ы т а р т ы л ғ а н с о ң «Болашақтың» болашағының бар екендігіне халықтың да сенімі арта түскендей.

Енді, міне, биылдан бастап газбен жабдықтау жүйелерінің құрылыс жұмыстары да басталды. Оны жүргізіп отырған «Алия Сервис» ЖШС болса, техникалық қадағалаушы - «Тұран Құрылыс». Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

-Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталды. Жоба бойынша жұмыс мерзімі - 7 ай. Жоба аясында 78 шақырым газ құбырларын жүргізу қажет болса, қазір оның 25 шақырымына құбыр тартылды. Бұл жұмыстан кейін 2071 үй газбен қамтамасыз етіледі,- деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев.

Дерек бойынша, «Болашақ» ықшам ауданынан 1500-ден астам тұрғынға жер телімі берілген екен.

Е.ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT