Құлсары қаласының «Болашақ» ықшам ауданын газбен жабдықтау жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Газбен жабдықтау жұмыстарын жүргізіп отырған «Алия Сервис» ЖШС. Техникалық қадағалаушы - «Тұран Құрылыс» ЖШС.
-Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталды. Жоба бойынша жұмыс мерзімі - 7 ай. Жоба аясында 78 шақырым газ құбырлары жүргізілу қажет болса, қазір оның 25 шақырымы жүргізілді. Бұл жұмыстардан кейін 2071 үй газбен қамтамасыз етіледі,- деді Жылыой аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев.
Айта кетейік, бұдан бұрын аталған ықшам ауданнан 1500-ден астам тұрғынға жер телімі берілген болатын.