Болашақ үшін берілген дауыс

Конституциялық реформа бойынша референдум өткізу – ел өміріндегі маңызды әрі жауапты кезеңдердің бірі деп ойлаймын. Себебі Конституция – мемлекеттің негізгі тірегі ғана емес, қоғамның даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. 

 Менің көзқарасым бойынша, референдум өткізу арқылы билік пен халық арасындағы диалог нығая түседі. Азаматтардың өз пікірін білдіруге мүмкіндік алуы – демократиялық қоғамның белгісі. Сонымен бірге бұл шара әр адамның ел тағдырына қатысты жауапкершілігін арттырады. 

  Егер ұсынылып отырған реформалар әділдік қағидатын күшейтіп, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге ықпал етсе, онда оның нәтижесі қоғам үшін пайдалы болмақ.

                                    Қала тұрғыны
                                Қанат Рахметұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT