Болашақ үшін таңдау жасадым

Кеше егеменді еліміз үшін елеулі,  тарихи күн болды. Кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына қатысып, өз таңдауымызды жасадық. Аудан халқының сайлау нәтижелерінен көп үміт күтетінін байқадым.
Бұл – Президент сайлауы еліміздің өркендеуі мен демократиялық қоғам үрдістеріне бастайтын маңызды қадамдардың баспалдағы болды деп есептеймін. Мен де аудандағы сайлау учаскесіне барып өз дауысымды бердім. Елімізде бейбітшілік, татулық болсын деп, Жаңа Қазақстан үшін таңдауымды жасадым. Енді сайлаудан кейін көптеген өзгерістер  болатынына сенемін. Алдағы жасампаз жаңа жобалардың жүзеге асуы халықтың қолдауына байланысты. Сондықтан мен  өзім таңдаған Президент ел үшін қалтқысыз қызмет қылатынына кәміл сенемін.  Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Нұрдаулет Ақназаров, ардагер-журналист

Жылыой ауданының құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз