БҰЛ АЗА ТҰТУ КҮНІНІҢ БҰҒАН ДЕЙІНГІ АЗА ТҰТУЛАРДАН ОРНЫ БӨЛЕК. ӨЙТКЕНІ БҰЛ - ҚАҢТАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒАЛАРДАН ҚАЗА ТАПҚАН ҚАЗАҚТЫҢ САРБАЗДАРЫН, ОФИЦЕРЛЕРІН, ЛАҢКЕСТЕРДІҢ ҚОЛЫНАН МЕРТ БОЛҒАН БЕЙБІТ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЕСКЕ АЛҒАН КҮН.
Расында да бейбіт талаппен шеруге шыққан халықтың әрекетін кейбір қара ниетті содырлар пайдаланып кетті. Олар 30 жыл бойына ынтымақ пен татулықта тыныш өмір сүріп келген Қазақстан халқының қоғамдық-саяси өміріне орасан нұқсан келтірді. Соның кесірінен көптеген жазықсыз адамдар оққа ұшып, көз жұмды. Олардың арасында кәмелет жасына толмаған балалардың да болғаны қандай өкінішті!
Сондықтан 10 қаңтар - бүкіл қазақстандықтар үшін қаралы күн болып тарихта қалды. Ендігі әрі мұндай озбырлық қайталанбасын, бейбіт күнде әскери міндетін атқарып жүрген жас жігіттеріміз, ұлдарымыз оққа ұшпасын деп тілеймін. Отанын озбырлықтан қорғап, қоғам тыныштығы үшін шейіт кеткен боздақтардың рухы пейіште шалқысын! Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз!
Бақтыбай НҰРЖАНОВ,
Құлсары қаласы