Биыл Жылыой ауданында №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы пайдалануға беріледі

 Нысанның құрылысы аяқталған соң, тізімдегі 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар 150 ересек осында орналастырылады. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Өздеріңізге мәлім Махамбет ауданындағы психоневрологиялық ауытқуы бар ересектерге арналған жалғыз орталықта орын тапшы. Ал, облыс бойынша тізімде тұрған 150 адам орталыққа орналаса алмай кезекте тұр. Осы жағдайларды ескеріп, Жылыой ауданындағы ескі аурухана ғимаратын жаңартып екінші жаңа орталық ашуды жоспарға алдық. Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен 2021 жылы ғимаратты реконструкциялау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта нысанның негізгі құрылысы аяқталып, қосымша жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясындағы барлық жұмыстар маусым-шілде айларында толық аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде,- деді А.Мәмбетов.

Айта кетейік, ғимараттың жалпы сыйымдылығы 160 адам. Мұнда палаталардың орналасуы стандартқа сәйкес жаңғыртылуда. Әр қабатта асхана және жуыну бөлмелері қарастырылған. Сондай-ақ, орталықтың ауласында монша, кір жуу комбинаты салынған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521