БИЫЛ ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНДА 76 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН ЖҮРГІЗУДЕ

Салтанат Алимова 2022 жылы қайтарымсыз грантқа ие болып, өнер студиясын ашты. Қазір "Қасиет" өнер студиясында өнерге құштар 120-ға жуық бала білім алып жатыр. Олар эстрадалық вокал, дәстүрлі ән дәрістерімен қатар, домбыра, гитара, қобыз, укулеле сынды  аспаптарды да меңгереді. Балалардың өнерлі болып шығуына 5 білікті маман еңбек етіп жүр.

Бүгінгі таңда көлік жанкүйерлері арасында «Eva төсеніштері» деп аталатын көлікке арналған кілемшелер үлкен сұранысқа ие. Бұны білген Аманжан Хасанов мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, автокөліктерге арналған EVA кілемшелер тігу кәсібін бастаған. Аманжан алған қаражатына 200-ге жуық «EVA төсеніш» үлгісін және тігін машинасын сатып алған. Бүгінде кәсібі өрге домалап, айына 40-тан астам автокөлік кілемшелеріне тапсырыс алып отыр.

Биыл ауданда 76 адам мемлекеттік грантқа ие болған. Олардың ішінде:
29 жасқа толмаған жастар -37,
Көп балалы отбасылар - 31,
3 топтағы мүгедектігі бар адамдар - 2,
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушілер - 6.

Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз