Биыл Жылыой ауданында 60 гидрогеологиялық ұңғыма жойылады

Бұл туралы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникциялар қызметі.

Өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымалар тұщы жер асты суларының табиғи ресурстарына, қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіреді, сондай-ақ жер асты және жер үсті суларын фенолдармен, радиоактивті және улы элементтермен ластайды.
Жылыой ауданындағы 60 гидрогеологиялық ұңғыманы жою мақсатында өткен жылы жобалық-сметалық құжат жасақтау үшін республикалық бюджеттен 26,5 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстары аяқталды. Ал, биыл иесіз қалған ұңғымаларды тығындап, жабу жұмыстарын жүргізуге ҚР Қаржы министрлігіне республикалық бюджеттен 465 млн. теңге қаржы бөлуге өтінім жолданды.
-Атырау облысының басты өзекті мәселелерінің бірі – Жылыой ауданы аумағындағы жоюды және тығындауды қажет ететін гидрогеологиялық ұңғымалар болып табылады. Өйткені, бұл жағдай жерасты суларының халық игілігіне пайдаланылмай ысырапсыз босқа кетуіне, олардың көлемінің азаюына әкеліп соғуы мүмкін, оның үстіне, аудан үшін су көздерінің тапшылық жағдайында, бұл жер асты су көздерін тиімді пайдалану мәселесі де шешуді қажет етеді, деді Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов.
Сондай-ақ, оның айтуынша Атырау облысын әлеуметтік - экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына экологиялық мәселелер бойынша 22 іс-шара енгізілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521