Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінгі таңда ауданда 6323 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Ал, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 5749, оның ішінде 658 заңды тұлға, 4718 жеке кәсіпкер, 373 шаруа қожалық жұмыс істейді.
-«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде биыл несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін 529,5 млн. теңге құрайтын 32 жоба мақұлданды. Ал, 13 кәсіпкердің несиелерінің пайыздық ставкасына кепілдендіру берілді, деді Х.Жамалов.
Сондай-ақ аудан әкімінің айтуынша, жыл басынан бері Аграрлық несие корпорациясы арқылы ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мақсатында шаруа қожалықтарына 4 техникаға несие берілген.