Биылғы барыс жылы – Балалар жылы

БИЫЛҒЫ БАРЫС ЖЫЛЫН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУЫНДА БҰЛ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕП, «БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК. СЕБЕБІ ОЛАРДЫҢ АМАНДЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНЫҢ СЕНІМДІ КЕПІЛІ. СОЛ СЕБЕПТІ КЕЛЕСІ ЖЫЛДЫ БАЛАЛАР ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ КЕРЕК ДЕП ЕСЕПТЕЙМІН», – ДЕДІ. БҰЛ ЖЫЛДЫ ТЕК МЕРЕКЕ ТҮРІНДЕ ЖАЛАҢ АТАП ӨТУ ҒАНА ЕМЕС, ЕҢ АЛДЫМЕН БИЛІК ТАРАПЫНАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ САЛАСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА НАҚТЫ ІС-ШАРАЛАР ЖАСАЛУЫ КЕРЕК.

Балалардың құқықтық мәртебесін мойындауға адамзат ғасырлар бойы ұмтылып келеді. Сан ғасырлар бойы бала құқығы шектелді, тіптен тарихта өткен ғасырларда балаларға қатысты қатігездіктер болған.

1924 жылы Ұлт Лига­сы­ның Баланың құқықтары туралы Женева декларациясын қабылдауы маңызды оқиға болды. 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Бала құ­қықтары декларациясын қа­был­­дап, 1979 жыл «Халықаралық бала жылы» деп жарияланды және он жылдан соң ғана 1989 жылғы 20 қарашада Бас Ассамблеяның 44/75 қарарымен Баланың құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1990 жылғы 2 қыркүйекте күшіне енді. Балалардың құқық­тарын қорғауды қамтамасыз ететін халықаралық заң­на­ма­лық құжаттар әзірленіп, қа­был­данды.

Қазақтар бала құғын қорғауға ежелден мән береді десек те болады. Жеті Жарғыда (XVII ғасыр) Жесірлер туралы заң болған. Онда ана мен бала құқығы туралы айтылады. 1994 жылы Қазақстанда Балалар құқықтары туралы конвенция ратификацияланды. Мемлекетіміз Конвенцияға қосылды.

Қазақстанда 45-тен астам ұлттық заңнамалық құжат бар, олар қоғамдағы баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік береді. Негізгі құжаттарға Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек, Азаматтық, «Неке (ерлі-зайып­­тылық) және отбасы туралы» Кодекстері, «Баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік және меди­циналық-педагогикалық түзеуді қолдау туралы», «Балалар отбасылық тип­ті ауылдар мен жасөспірімдер үйлері туралы», «Кәмелетке толма­ған­­дар­­дың арасындағы құқық бұзу­шы­лық­тың алдын алу және балалар қарау­сыз қалған және панасыз қалудың алдын алу туралы», «Балалары бар отбасыларға мемле­кет­тік жәр­де­мақылар туралы», «Әлеу­меттік қызметтер туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ал­дын алу туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Мемлекеттік жас­­тар саясаты туралы», «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» заңдары және т.б. жатады.

Көрсетілген заңнамалық құжат­тарда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің жан-жақты сақталуын қамтамасыз ететін және оларды кемсітушілікке жол бермейтін, балалардың мүдделері үшін мемлекеттік саясатты іске асыру барлық мемлекеттік мекемелердің, жер­гі­лікті атқарушы органдардың қызме­тінің басым саласы болып анық­талған. Қазақстан Республикасының заңда­рында белгіленген жағдайларды қоспа­ғанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды. Швеция, Франция, Италия, Ресей, Балтық елдері және т.б. елдерде осындай мекемелер табысты жұмыс істеуде. Елімізде 2016 жылы Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Институттың негізгі міндеттері – балалар­дың құ­қық­тары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемле­кет­тік және қоғамдық инсти­тут­тармен ын­тымақтастықта олар­дың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру.

Жас ұрпақты қорғаудың маңызды бағыттарының бірі – кәмелетке толма­ған­­дар­­ды қылмыстық-құқық­тық қор­ғау. 2015 жылдың 1 қаң­тарынан бастап Қыл­мыс­тық кодекстің жаңа редакциясы қолданысқа енгізілді. оның 122-бабына сәйкес 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау 5 жылға дейінгі мер­зім­ге бас бостандығын шектеуге, ал дәл сол іс-әрекеттерді ата-анасы, педагог, тәрбиелеу жөніндегі міндет­тер жүктелген өзге адамның жасауы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра оты­рып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер белгілі бір лауа­зым­дарды атқару немесе белгілі бір қыз­метпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бос­тан­дығынан айыруға жазаланады. Кәмелет­ке толмағанға қатысты зорлау немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, оның ішінде еркек пен еркектің жыныстық қатына­сы, әйел мен әйелдің жыныс­тық қатынасы (ҚР ҚК 120,121-баптары), дәл сол іс-әрекеттер жас ба­лаға қа­тысты жасалса, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостан­ды­ғы­нан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жаза­лана­ды. Қылмыстық кодекстің 93-бабының 1-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерi) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының тізбесіне химиялық кас­­трациялау түрінде мәжбүр­леп емдеу кіреді. Соны­мен қатар Қылмыстық кодексте жас балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс үшін жәбірленушімен татуласуға байланысты істі тоқтатуға, шартты түрде соттауға заңнамалық түрде тыйым салынған.

Елімізде бала құқығын қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді.

Биылғы жылды Балалар жылы деп жариялау еліміздің ертеңіне деген жанашырлық екені айдан анық. Ендеше бұл жылды өз деңгейіне лайықты атап өтуіміз керек. Балалар бақытты, аспанымыз ашық болсын!

С.ТӘЖІҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT