Биыл Тұрғызбадағы мәдениет үйі пайдалануға беріледі

Жылыой ауданына қарасты Жем ауылдық округінің Тұрғызба ауылында 200 орындық мәдениет үйі салынып жатыр, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мәдениет үйінің құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 60%-ы орындалған.

-Қазір іргетасы құйылып, төбе шатыры жабылып, қасбеті травертин қаптамасымен қапталды. Ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс осы жылы аяқталады деп жоспарлануда. Аталған жұмыстарға жалпы 405 млн 272 мың теңге қаржы бөлінді,- деді Жылыой аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев.

Оның айтуынша, мұнда көрермен залынан басқа кітапхана, кітап қорына арналған бөлме, үйірме бөлмелері қарастырылған. Екі қатарлы ғимараттың аумағы 709,72 шаршы метр. Ал мердігер мекеме - «Интегрентед Констракшен Групп» ЖШС.

Айта кетейік, Жем ауылдық округінде 3578 тұрғын бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз