Былтыр 9 аймен салыстырғанда, олар 119 млрд теңгеге өсті.
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында 2019 жылдың 9 айындағы мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы хабарлады.
«9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері 15%-ға өсті: республикалық – 19% және жергілікті бюджеттер – 7%. Ұлттық қордың активтері 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда 15%-ға өсіп, 26 трлн 447 млрд теңгені құрады. Шығыстар бюджеттің барлық деңгейлерінде жоғары процентпен игерілді: мемлекеттік бюджет – 99,6%, республикалық бюджет – 99,8% және жергілікті бюджет – 99,3%. Есепті кезеңнің көрсеткіштері ағымдағы қаржы жылын жоғары деңгейде аяқтауға барлық мүмкіндік бар екенін көрсетеді», - деді Қаржы министрі.
Оның айтуынша, республикалық бюджетке 4 трлн 817 млрд теңге кіріс түскен. Бұл жоспардан 61 млрд теңгеге көп немесе 101,3% құрады.
«2018 жылдың 1 қазандағы жағдаймен салыстырғанда, кірістердің өсу қарқыны 118,5% яғни 751 млрд теңгені құрады. Бұл соманың 738 млрд теңгесі салықтарға келеді: негізгі өсу қосылған құн – 421 млрд теңге, корпоративтік табыс салығы – 184 млрд теңге және халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салық – 125 млрд теңге. Есепті кезеңде камералдық бақылау хабарламалары бойынша 177 млрд теңге қосымша есептелді. Оның 88 млрд теңгесі бюджетке өндіріліп алынды. Әкімшілендіру рәсімдерін цифрландыру нәтижесінде бюджетке 280 млрд теңге түсті. Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120 млрд теңгеге артығымен орындалды немесе 1 трлн 845 млрд теңгені құрады. Былтыр 9 аймен салыстырғанда, олар 119 млрд теңгеге өсті. Бұл салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Кірістер бойынша жоспар Нұр-Сұлтан қаласын қоспағанда, барлық өңірлерде артығымен орындалды», - деді ол.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында 9 айдың экономикалық қорытындысын баяндады. Сонымен қатар ол министр төмен көрсеткіш көрсетіп отырған облыстарды атады.
Сурет: ашық дереккөз