Биыл облыста 560-тан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ

Биыл өңірде инвестициялық 8 жоба енгізіліп, 560-тан астам жаңа жұмыс орны құрылады

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев пен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының өкілдерін қабылдап, жиын өткізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жиында облыстағы инвестициялық жобалар мен инвестициялық қызметті мемлекет тарапынан қолдауды іске асыру барысы айтылды. Мәселен, ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, «KAZAKH INVEST» құрылымында «Task Force» бөлімшесі құрылған. Бұл бөлімше – жұмысты ұйымдастыруға және Инвестициялық штабтың күн тәртібін қалыптастыруға жауапты.

Бүгінгі таңда «жасыл сутегі өндірісі» жобасын «Task Force» Атырау облысының аумағында «Fortesсue» компаниясы қолдау білдіріп келеді. Жиын барысында кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа тетігі таныстырылды. Ол – инвестициялар туралы келісім. Яғни инвестициялар мөлшері және қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкестігі бойынша белгілі бір өлшем шарттары бар ҚР Үкіметі мен заңды тұлға арасында жасалатын инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес Қазақстанда инвестициялық жобалардың жалпыұлттық Пулы қалыптастырылған болатын. Ол бүгінгі күні сомасы 32 трлн. теңге болатын 930 жобадан тұрады. Осыған орай 130 000 жаңа жұмыс орны құрылды. Аталған Пул тоқсан сайын ашық көздерде жарияланады.

Ал, 2027 жылға дейін Атырау облысындағы инвестициялық жобалардың жалпы Пулы 27 жобаны құрайтын болады. Оның сомасы 6 трлн теңге. Осының нәтижесінде 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Ал, биыл өңірде шамамен 65,6 млрд. теңге сомаға 8 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 560-тан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT