Биыл өңірдегі 253 азаматтың еңбек қатынастары бойынша конституциялық құқығы қорғалды

Бұл туралы Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы жылдың үш айында азаматтардан 487 өтініш түсіп, оның ішінде 369 өтініш мемлекеттік еңбек инспекторларымен қаралған.

-Басқармаға тіркелген шағымдар және профилактикалық бақылау негізінде еңбек инспекторларымен 53 тексеру жұмыстары жүргізіліп, 52 еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Оның 25 нұсқамасы заңсыздықтарды жою үшін енгізілді. Сондай-ақ, 21 әкімшілік хаттама толтырылып, 21 мекемеге 4 млн теңге айыппұл салынды. Мәселен, облыстағы кәсіпорындарда орын алған 9 өндірістік жазатайым оқиғаның салдарынан 8 жұмысшы ауыр дене жарақатын алған. Нақты тоқталсам, өндірісте 4 жазатайым оқиға жұмыс берушінің кінәсінен болса, бір оқиға жұмысшының кінәсінен, бір оқиға жұмыс беруші мен жұмысшының кінәсінен және бір оқиға жұмыскердің кінәсінен орын алған. Барлық өндірістік жазатайым оқиғалар бойынша жүргізілген арнайы тергеу құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды,-деді И.Әубәкіров.

Сондай-ақ оның айтуынша, биыл сала мамандары 395 азаматқа құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521