Биыл Мақат ауданында 25 шақырым көше жарығы ауыстырылады

Бұл жұмыстар Мақат кентіндегі 11 көшеде іске асырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Бұдан бөлек Мақат кентінің Ө.Есмурзин, Б.Төлекбаев, Е.Аманбердиев, Н.Балғымбаев, Л.Шахатов көшесіндегі 117 жарық бағанасын ауыстыру жұмыстары басталады. 

– Аудандағы тозығы жеткен жабдықтарды жаңғыртып, жаңа, сапалы әрі төзімді инфрақұрылым жүргізу осы жылға құрылған маңызды жоспарлардың бірі. Аталған жұсмыстарға тапсырыс беруші Мақат кентінің әкімдігі.  Жұмыстар уақытылы басталып, сапалы атқарылуын қадағалаймыз, – деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілқайыр Қадыров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT