Биыл Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

"Тоғызыншы мамырға орай берілетін бір реттік төлемақы сонымен бірге, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және өзге де санаттағы азаматтарға беріледі" деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.​

Бүгінде Атырау облысында Ұлы Отан соғысының 8 ардагері (Атырау қаласында - 7, Жылыой ауданында - 1) ​ және концлагердің бұрынғы тұтқыны (1) бар. Олар 1 миллион теңге көлемінде бір реттік төлем алады.​

Бір реттік төлем сонымен бірге, тыл еңбеккерлеріне беріледі. Наградасы бар тыл еңбеккерлеріне (62 адам) 100 мың теңгеден, мемлекеттік наградасы жоқ тыл еңбеккерлеріне (2212 адам) 30 мың теңгеден бір реттік төлем беріледі. ​

Атырау облысы бойынша бір реттік төлемді 2283 адам алады. Бір реттік төлемнің жалпы сомасы 51 млн 297 мың теңгені құрап отыр.​

Өңірлік коммуникациялар қызметі

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика