Биыл Құлсары қаласына он бір балалар ойын алаңы салынады

Құлсары қаласының Барлаушы, Жадырасын, Шұғыла, Аэропорт ықшам аудандары мен №7, 9 және Мешіт ауылдарына он бір балалар ойын алаңы салынады, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған алаңдардың құрылыс жұмыстарын жасайтын мердігер мекеме - «Умирзак» ЖШС.

-Балалар алаңын салу жұмыстары енді басталады, қазіргі таңда құжаттар рәсімделуде. Мердігер мекеме жұмыстар басталғаннан күннен бастап 12 ай ішінде құрылысты аяқтауы тиіс, - деді Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы Жанғазы Еркінов.

Бұл алаңның бір ерекшелігі – мұнда ойын алаңынан бөлек, спорт алаңы, баскетбол, футбол алаңдары және демалуға арналған беседкалар мен автотұрақ қарастырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз