Биыл өңірде ауыл шаруашылығы өнімдері 101% өндірілген

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҮЗДІК МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай саланың бір топ қызметкері марапатталды», деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

⠀ Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев еңбеккерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңірде аграрлық сала барлық бағытта жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. ⠀

Осыдан кейін облыс әкімінің орынбасары саланың бір топ қызметкеріне ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің арнайы төсбелгісін, Атырау облысы әкімінің Алғыс хатын, «Ауыл шаруашылығы салаларының үздігі-2020» номинациясын, Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хатын табыс етті.

Сондай-ақ тағы бір топ азамат Ардагерлер кеңесінің құрмет грамотасымен, «Социалистік Еңбек Ері» Сақан Даулетқалиев атындағы «Үздік шопан» жүлдесімен, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. ⠀

Айта кетейік, биыл өңірде ауыл шаруашылығы өнімдері 101% өндірілген.

Атырау облыстық

коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз