Биыл елімізде 5 мың трактор мен 900 комбайн құрастырылады

Биыл елімізде 5 мың трактор мен 900 комбайн құрастырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылы ауыл шаруашылығы машинасын жасау секторында 5 мың трактор мен 900 комбайн шығарылады. Қазіргі уақытта шығарылатын техника ірі торапты құрастыруға негізделген. Сондықтан кәсіпорындардың шағын торапты құрастыру әдісіне ауысуын жоспарлап отырмыз. Секторды одан әрі дамыту ішкі нарықтың қажеттілігін толық көлемде қамтымайтын аспалы және тіркемелі техника өндірісін ұлғайтуға бағытталатын болады», - деді министр.

Марат Қарабаевтың айтуынша, техниканың номенклатуралық қатарын кеңейту оқшаулау деңгейін арттыруға және сектордың импортқа тәуелділігін жоюға мүмкіндік береді. Қостанай облысында тракторларға арналған кабиналар өндірісі жолға қойылған.

«Қазрост» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кооперациялық байланыстардың белсенді дамуының үлгісі саналады. Мысалы, осы зауытта астық жинайтын комбайндарды және тракторларды шығару кезінде отандық аккумуляторлар, орақтарды жылжытуға арналған арбалар, теңгерімді отын бактар, ауа сүзгілері және басқа да компоненттер қолданылады. Қостанай қаласында 50 мың шаршы метр алаңда Оқшаулау орталығы құрылды. Онда ұнтақты бояу цехы, престеу-дәнекерлеу учаскесі мен дәнекерлеу цехы, сондай-ақ дайындау цехының жапырақ тәріздес иілу тандемі жолға қойылды», - деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521