Биыл да жаңажылдық шырша сатып алынбайды

Атырауда жергілікті билік шырша сатып алуға қаржы жұмсамау туралы шешім қабылдады

Үш жыл қатарынан мұнай астанасының орталық алаңы 2017 жылдың соңында сатып алынған шыршамен безендірілмек, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ағымдағы жылы Атырауда жаңа жылды атап өту үшін 6 жер анықталды: Исатай-Махамбет және Д. Нұрпейісова атындағы алаңда, Нұрсая және Балықшы ықшамауданында, М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры мен Құрманғазы мәдениет сарайының алдында орнатылатын болады.

- Қаланың көркін келтіру мақсатында тұрғындар көп шоғырланған жерлерге кіші архитектуралық кескіндер орнатылады. Жалпы, қаланы жаңажылдық безендіруге жергілікті бюджеттен 18 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, биыл жергілікті билік жаңажылдық шыршаны сатып алудан бас тартты. Үшінші рет, 2017 жылдың соңында алынған жаңажылдық шырша орталық алаңға орнатылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңажылдық мерекелік шаралар 31 желтоқсанда Исатай-Махамбет алаңында өтеді. Мерекенің басталуы 20.00-ге жоспарланған.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз