Биыл Атырауда индустрияландыру картасы аясында 2 жоба іске қосылып, 570 жұмыс орны ашылады

ken-zhyloi.kz

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Индустрияландыру картасы аясында биыл жалпы құны 817 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 570 жұмыс орны ашылады» деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ Атап өту керек, өткен жылы индустрияландыру картасы аясында, Атырауда​ 7​ жоба ашылып,​ 580​ жұмыс орны құрылды. ​ ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Олардың қатарында, «Доктор Хаус» ЖШС-нің «Медициналық бетперделер өндірісі», «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің «Құс етін өндіретін​ фабрикасы»​ және «Бест Модуль» ЖШС-нің металлдан жасалған​ модульдік ғимараттары бар. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ ​ Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында, atyrau.gov.kz сайты тікелей эфирде және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз