Биыл Атырауда 50 жастан асқан 343 адам жұмысқа орналасты

«Күміс жас» жобасы бойынша жыл аяғына дейін 600 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Өздеріңізге мәлім, биылдан бастап «Күміс жас» жобасына оң өзгерістер енді. Бұрын бұл жобаға 58 жастан асқандар қатысатын еді. Биыл министрлік тұрғындардың жұмыссыздық деңгейін сараптай келе 50 жасқа шегерді. Бұл зейнет жасына жетпей әр түрлі жағдайда жұмысынан босап, зейнетке жасы жетпей екі аралықта табыссыз қалған жандар үшін жақсы жаңалық болды. Бұл ретте жұмыс беруші кәсіпкерлерге айтарымыз еңбек.кз сайты арқылы «бос орындар» жариялаған уақытта мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде «Күміс жас» жобасын таңдап, егде жастағыларды жұмыспен қамтуға атсалысуларыңызды сұраймыз. Бағдарлама жұмысқа орналасушы үшін де, жұмыс беруші үшін де тиімді. Өйткені, осы бағдарламаға қатысушының жалақысын мемлекет субсидиялайды,- деді А.Мәмбетов.

«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі 36 айдан аспайды. Жалақы мөлшері 30 АЕК. Жоба шеңберінде жұмысқа орналасқандар үшін субсидия мөлшері де әртүрлі. Мәселен, жұмысшының алғашқы 12 айындағы жалақы мөлшерлемесінің субсидиясы 70% болса, 13-ші айдан 24-ші айға дейінгі аралықта 65%, қалған 12 айында 60% болады. Басқарма басшысының айтуынша, қазір «Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа қабылдаушылардың қатары өсіп келеді.

-Әсіресе Жылыой және Индер аудандарының шаруагерлері «Күміс жас» жобасын тиімді пайдаланып отыр. Қазіргі уакытта Атырау қаласының өзінде 112, Жылыой мен Индерде 46, Құрманғазыда 18, Қызылқоғада 38, Мақаттан 25 және Махамбеттен 29 адам осы «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасып, зейнетақы төлемдерін жинақтауда,- деді А.Мәмбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT