Биыл Атырауда 100-ге жуық іскер әйел кәсібін жандандыру үшін тегін білім алады

Биыл Атырауда 100-ге жуық іскер әйел кәсібін жандандыру үшін тегін білім алады Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының «Мен кәсіпкер» ұлттық жобасы шеңберіндегі биыл 100-ге жуық іскер әйел өз кәсібін жандандыру үшін тегін білім алады. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы өңірде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды. Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы - қаржылық емес қолдауға арналған алаң. Онда олар стартаптарды ынталандыру, жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатысу үшін бірқатар қызметтер алады. Оған қоса орталық қолдау шараларының түрлеріне, оның ішінде оқытуға деген қажеттілікті зерделейді, сонымен қатар әйелдер бизнесінің дамуына кедергі келтіретін проблемаларды анықтайды.

-Өткен жылы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында 505 әйел тіркеліп, 1 800-ден аса кеңестер алды. Астана, Ақтөбе, Алматы қалаларында онлайн тәртіппен 325 әйел республикалық, жергілікті деңгейде оқытылып, оларға арнайы сертификаттар берілді. Кәсіби оқыту бойынша «Ғасыр» оқу орталығымен шарт жасасып, арнайы мамандықтарға оқытылды. Ауыл әйелдері кәсіпкерлігін дамыту барысында Атырау қаласы, Махамбет, Исатай, Индер, Жылыой, Мақат, Қызылқоға аудандарының кәсіпкер әйелдерімен кездесіп, орталық туралы жан-жақты айтылып, кеңестер берілді. Осы аудандардан республикалық оқыту бойынша Ақтөбе, Астана қалаларында өткен Әлеуметтік, кооперациялық кәсіпкерліктер бойынша арнайы семинар тренингтерге қатысты. Сонымен қатар көкөніс өсіру шаруашылығы бойынша Алматы облысы, Шелек ауданында өткен бес күндік оқуға Индер ауданынан көп жылғы тәжірибесі бар кәсіпкер ана барып оқып келді, - деді Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Гүлнафис Жармұханбетова.

Сондай-ақ Г.Жармұханбетова «Мен кәсіпкер» ұлттық жоба шеңберінде «Кәсіпке бағыт» салалық оқытуы бойынша 100 адамға орта және шағын кәсібін әрі қарай дамыту мақсатында білім алуға болатыны туралы айтты. Қырық сағаттық оқудан кейін кәсіпкерлер арнайы тест тапсырып, сертификатқа ие болады. Сонымен қатар білім алған жас кәсіпкерге бизнес жоба әзірлеуге, 3 ай өз кәсібін бастағанша жетекшілік ететінін жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521