29 ақпаннан 1 наурызға қараған түніҚазақстанның 17 өңірі мен үш республикалық маңызы бар қаласы сағат тілін бір сағат артқаауыстырылған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Осылайша, барлық аймақта қазір біруақыт енгізілген және бүкіл ел UTC +5уақыт белдеуінде болады. Бұған дейінҚазақстанда екі уақыт белдеуі жұмыс істеген - UTC+5 және UTC+6. Бізтұрғындардан Бірыңғай уақыт белдеуінеқалай қарайтындықтарын сұрап көрген едік.
Атырауда жұмыс істейтін Алматытұрғыны Нұргүл Сағындықова осыжылдың наурыз айынан бастап қазақстандықтар табиғи уақыт режиміне сәйкес өмір сүре бастағанын және қазірбейімделу процесі жүріп жатқанын атапөтті.
"Менің ойымша, қазір бейімделужүріп жатыр. Біз физикалықфактордың ағзаға әсерін өткеріп жатырмыз. Дегенмен, біздіңбиоритмдеріміз жаңа факторларғабейімделеді және биологиялықсағаттарымыз да өз бетімен жұмыс жасайды. Біз әртүрліміз, сәйкесінше бейімделу процесі де түрлі жолмен жүріп жатыр" дейді ол.
Жергілікті кәсіпкер Болат Кульчиев адамбиоритмдерінің бұзылуына байланстыэлектр энергиясы көбірек жұмсалатынын жасырмайды. Бірақ, оның ойынша, артықшылықтар да жоқ емес, бұллогистика мен көлік қатынасын жеңілдетеді, бизнеске де ыңғайлы жәнекоммуникация саласын да едәуір жеңілдетеді.
Зейнеткер Алпамыс ХасановҚазақстанда уақыт белдеуін ауыстыруғақарсы емес.
- Мен бұл туралы көп оқыдым,сондықтан қазақстандықғалымдардың бірі бүкіл аумақтабіртұтас уақытты қолданғанҚытайды мысалға келтіргені бар.Оның айтуынша, халықтың көпшілігі– студенттер де, ересектер де шамамен сағат 22:00 шамасында жарықты сөндіріп, 6:00-де тұрады.Бұл тәжірибе бүкіл әлемде кеңіненқолданылады. Мен зейнеткерретінде бұл тәжірибені жақсы көремін, ерте ұйықтап, ертетұрамын, - деп күледі ақсақал. -Менің немерелерім Алматыдатұрады, жиі қоңырау шалып, жолға да шығамын. Бұрын пойызға немесеұшаққа отыратын кезімдешатасатынмын, ал, қазір тіптен оңай.
Ирина Мезинцева жұмыс бабымен Астанадағы кеңсемен жиі сөйлесетінін айтады.
"Шынымды айтсам, іскерліккеліссөздер жүргізу, хат алмасу,әрине, қазір оңайырақ болды, себебі,уақыт бірдей. Егер бізді басқа уақытбелдеуіне ауыстырса, қалай болатынын білмеймін, бұл басқамәселе. Ал, маған бірыңғай уақытбелдеуі өте тиімді" дейді қала тұрғыны.
– Ғалымдар мен министрлер уақыт белдеуін өзгерту ғылыми негізделгенжәне экономикалық тұрғыдан орынды екенін алға тартады, - дейдіқала тұрғыны Сәуле Мұхитова. – Ал, бұл туралы Қостанай жәнеҚызылорда облыстарыныңтұрғындары бірнеше жыл бойы осымәселені көтеріп келген. Менің ойымша, Үкімет мұндай маңыздышешімдерді тектен-текқабылдамайды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚазақстанUTC+5 Бірыңғай уақыт белдеуінде 2024жылдың 1 наурызынан бастап көше бастады. 22 сәуірде уақытты ауыстырудытоқтату туралы өтініш берілді. 7 маусымдаол қарауға қажетті дауыс санын жинады -50 мың. Кейінірек, 21 маусымда уақыт белдеуіне қатысты петицияны қараубойынша жұмыс тобының біріншіотырысы өтті. 12 қарашада ҚазақстанЭнергетика министрлігі Бірыңғай уақытбелдеуіне көшу электр энергиясынтұтыну кестесінде елеулі өзгерістергеәкелмегенін мәлімдеді.
Мәдина Серікқызы