Бірлік пен татулық мекенінде Ұлыстың ұлы күні тойланды

Құлсары қаласы әкімі аппараты мен №18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ұжымының ұйымдастыруымен "Қош келдің әз Наурыз" атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Күн мен түннің теңесу мерекесіне аудан әкімі Х.Жамалов және қала тұрғындары қатысты.

Аудан басшысы тұрғындарды пандемия салдарынан араға екі жыл салып қайта тойланған Әз Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Мектеп ауласына екі киіз үй тігіліп, қонақтар арнайы дайындалған Наурыз көже мен палаудың дәмін татты.

Мерекелік іс-шараға «Шолпан» фолклорлық ән-күй ансамбльі мен мектептің жас өнерпаздары ән салып, күй тартып қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, бүлдіршіндерге ойындар ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды.

Бұдан бөлек, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтіп, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз