№99 сайлау учаскесінде дауыс беру салтанатты түрде өтіп жатыр. Тұрғындардың да көңіл-күйі жақсы.
Алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келген Болат Есмұратов арнайы сыйлыққа ие болды.
-"Түнгі сменнен шықтым. Ертерек келіп саяси науқанда өз дауысымды беруді жөн санадым. Еліміздегі өзгерістер үшін белсенді болуымыз керек. Әр адамның дауысы маңызды",-дейді ол.
Бүгінгі өтіп жатқан сайлауда жергілікті тұрғындар бірінші рет өз таңдауын жасап, қалаған үміткеріне дауыс беріп жатыр.
А. Жұмаберген
                                    
            
    
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						

