Бір реттік жәрдемақы – жүз елу мың теңге

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында VIII шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс XIII сессиясы болып өтті. Аталмыш аудандық мәслихат хатшысы Қанат Мыңбаев, депутаттар, аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова, бірқатар дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияны мәслихат төрағасы Қанат Мыңбаев жүргізді. Онда, негізінен, «Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы №8-1 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» және «Жылыой аудандық мәслихатының депутаты Болат Садақбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» – екі мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қазиева хабарлама жасады.

-Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қазандағы №8-1 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу барысында Ауған соғысының ардагерлеріне Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай бір реттік 150 мың теңге көлемінде жәрдемақы беру ұсынылды. Ұсыныс бойынша талқылаулар жүргізіліп, бүгінгі кезектен тыс ХІІІ сессияның күн тәртібіне енгізілді,-деді ол.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге орай мәслихат төрағасы Қанат Мыңбаев:

-Осыған дейін бірге қызмет атқарып келген әріптесіміз Болат Садақбаев басқа қалаға көшуіне байланысты әрі жұмыс орнының ауысқандығы себепті өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш білдірді,- дей келіп, дауысқа салды. Сессияға қатысқан 11 депутаттың барлығы жақтап, бір ауыздан дауыс берді.

Ерназ АХМЕТКӘРІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521