Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін күшейтеді — депутат

АСТАНА. KAZINFORM — Бір палаталы Парламент — Құрылтай Қазақстандағы партиялық құрылымды тиімді етуге ықпал етеді. Бұл туралы Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында айтты.

— Менің ойымша, депутаттары тек пропорционалды жүйе бойынша сайланатын бір палаталы Парламент саяси партияларды айтарлықтай күшейтеді, — деді Айгүл Құспан.
Депутат атап өткендей, кейінгі жылдары Қазақстанда партиялық құрылыс әлсіз болды. Кейбір партиялар ішкі келіспеушіліктер мен бытыраңқылыққа ұшырап, бұл олардың тұрақтылығына кері әсерін тигізді.

Сонымен қатар, спикер AMANAT пен «Ақ жол» партияларынан басқа саяси партиялардың салыстырмалы түрде «жас» екенін және аймақтарда жеткілікті өкілдікке ие еместігін атап өтті.

Айгүл Құспанның пікірінше, егер Парламент пропорционалды жүйе бойынша құрылса, партиялар өздерінің аймақтық құрылымдарын күшейтеді, қолдаушыларын көбейтеді және заң шығарушы органға өту үшін бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Депутат сондай-ақ Парламентте партиялардың кеңірек өкілдігі идеясына қолдау білдірді.

Айта кетейік, қазақстандықтар 15 наурыздағы референдумда жаңа Конституция жобасын қолдаса, елде бір палаталы Парламент – Құрылтай өз жұмысын бастайды. Жаңа өкілді органның депутаттары қазіргі Парламент ғимаратында жұмыс істей ме? Kazinform тілшісі анықтап көрді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT