БІЛІМНІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

Білімді ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Сапалы білім беру - еліміздің ертеңі - өскелең жас ұрпақтың игерген білімінің тереңдігімен өлшенеді. Ол мектепке дейінгі мекемеден бастау алады.

Мейірімді балабақша – бұл махаббат, бақыт және мейірімділік аумағы. Бұл жер - балаға жүрек жылуын, білім нәрін, ойнату арқылы ойлату, ертегі тыңдату арқылы тәрбие алатын екінші үйі. Сонымен бірге, бүлдіршіндер тек алуды емес, беруді де үйренуі керек: жақындарына қамқорлық жасауды, бала кезінен дос ұғымына берік болуды, жанашырлық танытып демеу болуды меңгергені жөн. Ал біздің міндетіміз - балабақшаның шағын Отан екендігін әрі оны қорғау, салт-дәстүрді сақтау туралы түсінікті қалыптастыру екенін, оның барлығы бала өмірінде маңызды рөл атқаратынын бала санасына құю.

Баланың көңілі жайлы болуы үшін кей жағдайда ата-аналар мен тәрбиешілер ортақ тіл табыса білуі керек. Сондықтан «Өркен» бөбекжай-бақшасында ата-аналармен арадағы сыйластық ерекше. Мұндағы мамандармен кездесу, мерекелік шараларға, түрлі аудандық сайыстар мен семинарға да қатысу ата-аналармен бірлесе жасалатын жұмыстың бірі. Қандай жағдай болмасын, үйінде және балабақшадан бірдей қолдау мен қорғау көрген бала өз-өзіне сенімді, әр қадамын нық басатын азамат болып өсетіні анық.

Ел ертеңі – болашақ жастар. Ендеше, олардың тәрбиесі мен тәртібіне көп көңіл бөліп, саналы ұрпақ тәрбиелеу игі іс болып қала бермек.

Гүлжан ЖЕҢСІКБАЕВА,

«Өркен» бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521