Ауданда республикалық балалар байқауының алғашқы кезеңі өтті

"Республикалық балалар оқулары" байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсатыбалалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетеләдебиетін, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге шақыру.

Байқауға аудан мектептеріндегі 3-10 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты. 3-4 сыныптарда«Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сыныпоқушыларына арналған кітаптар «Қазақ ертегілері» және«Алпамыс батыр» жыры оқылып, талданды. 5-6 сыныптарға «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буыноқушыларына арналған кітаптар «Менапамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»ұсынылды. 7-8 сыныптарда «Ғасырлар тарихты жырлайды»тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар «Ұшқанұя» және «Гулливердің саяхаты» оқылып, зерделенді. 9-10 сыныптарда «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Далаұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларынаарналған кітаптар жазушы І. Есенберлиннің «Көшпенділері» және Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо»шығармасы талқыланды.

Байқау 2 кезеңнен тұратын: Оқыған кітаптар бойыншатестілеу, кітаптар желісі бойынша эссе жазу.

Байқаудың қорытындысына сәйкес, барлық жеңімпаз оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз