Білім - баға жетпес байлық

Білім - сарқылмас қазына.  Балаларымыздың да ғылымға бет бұрғаны шексіз бақыт.  Сол жолда мемлекеттің қолдауы да аса маңызды. Осыны білген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жас бүлдіршіндердің білімі үшін біраз жұмыстар жасалды. 

Қ. Тоқаев өз сөзінде: 
-Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан былтырдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында төлем беріле бастады. Зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және азаматтық сала қызметкерлерінің жалақысы көбейді. Еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген жаңа мектеп, балабақша және дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары салынды,- деген еді. 
Иә,  қазір балаларымызға жыл сайын Ұлттық қордан ақша түсіп отыр.  Қазір елеусіз көрінгенімен,  мектеп бітірер уақытқа дейін қомақты қаражат болары сөзсіз.  Одан бөлек ауданымызда да жайлы мектептердің құрылысы басталып,  болашақтың қамы үшін қарымды істер атқарылуда.  Балаларымыз білімнің даңғыл жолына түсер болса,  ел болашағы да бағдарлы болады. 

Айым Наурызбайқызы, 
Жас ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT