Билет тапшылығын кімдер жасап отыр?

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі ауданымыздағы арнайы мониторингтік тобының төрағасы С.Таласов пен топ мүшелері өткен айда теміржол вокзалында билет тапшылығының себептерін анықтау мақсатында рейдтік шаралар өткізген болатын.

-Арнайы топ мүшелері Құлсары қаласындағы теміржол арқылы өтетін пойыздардағы жолаушыларға сатылатын билеттердің тапшылығына сыртқы талдау, бағалау жүргізді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі, яғни рейд кезінде түсірілген 3 бейнежазба ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды. Аудандық мониторингтік топ мүшелері өткізген рейдтік шара барысында теміржол кассаларында жоқ билеттерді жолсеріктердің екі есе бағасына жолаушыларға саудалап келгені анықталды. Маусымдық билет тапшылығын өз мүдделеріне пайдаланған жолсеріктер билет құнын бір жарым, екі есеге дейін көтеріп, заңсыз сатып отыр екен. Мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасады,-дейді аудандық арнайы мониторингтік тобының төрағасы.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз