«Би Би» - жас дарындар мектебі

Өткен аптада «Кең Жылыой» мәдениет үйінде «Би-Би» би мектебінің есеп беру концерті өтті. Алдымен осы жылы өткен халықаралық «Жұлдызарт» байқауының бас жүлде иегерлері «Шаттық отаны» биімен сахна төріне шықты.

Ары қарай концерттік бағдарлама кіші бастауыш топтың «Пингвиндер» және «Мысықтар» биімен жалғасты. «Жем аруы» халықтық би ансамблінің үздік бишісі, Қазақстан Республикасының халық әртісі Гүлжан Талпақованың «Әлемдік ұлттар» биінен III ашық қалалық конкурс фестивалінің I орын иегері Жанель Асқарова «Қытай» биін орындап шықты. Халықаралық «Жұлдызарт» байқауының бірінші орын иегерлері «Испан» биін өз нақышында көрермен назарына ұсынды.

«Би-би» би мектебінің негізін қалаушы, жетекшісі Мағрипа Шегенбаеваның айтуынша: «Би мектебінің 20 жылдық тарихы бар. Ол кезде «ТШО» ЖШС несие берді. Сол кезде жобамды апарып, қорғап, 1 ықшам ауданда би мектебін аштым. Фитнес залы да ашылды. Мектептің бірнеше түлектері қазір Астанада, Алматыда үлкен театрларда жұмыс жасайды. Бишілер өсе келе, емтихан арқылы «Жем аруы» халықтық би ансамбліне өтеді. Оларды да кәсіби деңгейде дайындаймыз. Мұғалімдердің арнайы білімі бар, квалификациядан өткен мамандар. Аудандағы би өнері облыс бойынша ең үздік болып келеді. Бұл - үлкен еңбек. Көп қиыншылықтар да болды. Соған қарамастан үлкен дәрежеге жетіп отырмыз. Мақсатымыз – бишілерді қазақтың би өнеріне баулу, оларды жан-жақты қалыптастыру. 2020 жылдан бастап ел Президенті мен Аружан Саинның жобасының қолдауымен жасөспірімдердің шығармашылығы одан әрі дами түсті. Соның арқасында қазір 300 бала тегін оқиды. Олар өнерлерін шыңдап келеді» - деді.

bi-bi-1

Есептік концерт облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, үлгілі «Би-Би» би ансамблінің «Якуд» биімен аяқталды. Көрермендер де бұл кештен ерекше әсермен шықты.

Ж.ШАҢҚАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521