Бес минут ішінде мәселені қалай шешуге болады?

«DIGITAL AGENT»-ті «Play Mаrket» және «Appstore» мобильдік қосымшалары арқылы жүктеп алуға болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын іске асыруды тапсырған болатын. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі бүгінгі күні «DIGITAL AGENT» мобильдік қосымшасы арқылы халық үніне бес минут ішінде құлақ асуда.

«DIGITAL AGENT» мобильдік қосымшасын іске асырудағы басты мақсаттардың бірі: қызмет алушылармен кері байланысты нығайту және олардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына деген көзқарас деңгейін анықтау, сондай-ақ, қызмет алушылардың көкейде жүрген сұрақтарына жедел жауап беру арқылы мәселесін шешу. Яғни азамат Мемлекеттік кірістер органдарында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ХҚКО-ларында қызмет алу кезінде қызмет көрсету сапасы ұнамаса немесе дөрекілік танытқан жағдайда осы «DIGITAL AGENT» мобильдік қосымшасы арқылы қызмет көрсету сапасын бірден беске дейін бағалауға толық мүмкіндігі бар.

Егер «DIGITAL AGENT» мобильдік қосымшасы арқылы қызмет көрсету сапасына төмен баға (1,2,3) берілген жағдайда қызмет көрсетуші органның жауапты қызметкері қызмет алушымен байланысу арқылы оның мәселесін заңнама шеңберінде 5 минут ішінде шешуі қажет. Бүгінгі күні Атырау облысында «DIGITAL AGENT» мобильдік қосымшасы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының ХҚКО-лары және Мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасын ғана бағалауға болады.

Жалпы, мобильдік қосымша арқылы республиканың басқа өңірлерінде әкімдіктер, білім беру ұйымдары, ішкі істер органдары, жұмыспен қамту орталықтары мен емханалар көрсеткен қызмет сапасын бағалауға мүмкіндік бар екендігін және алдағы уақытта аталған ұйымдардың Атырау облысы бойынша көрсеткен қызметтеріне де баға беруге болатындығын хабарлаймыз.

Сонымен қатар «DIGITAL AGENT» мобильдік қосымшасын «Play Mаrket» және «Appstore» мобильдік қосымшалары арқылы жүктеп алуға болатынын облыс тұрғындары мен қонақтарының қаперіне беріледі.

Ж.Байшеркешов,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT