Берері көп кино

Қараарна ауылдық округінің мәдениет үйінде «Время атома» деректі фильмі көрсетілді. Ауыл тұрғындары жиналып, ішінде көп деген құнды мәлімет айтылған бұл туынды аса қызығушылықпен көрді. Деректі фильмнің негізгі желісінде 20-ғасырдағы АЭС туралы айтылған теріс пікірлердің шындыққа жанаспайтындығы көрсетілген.
Біздің қоғамда да бұл мәселе бар екенін көріп жүрміз. Себебі, ақпарат айдынында көптеген ақылға сыйымсыз хабарларды оқып, жағамызды ұстап жатқанымыз жалғандық емес. Осы орайда «Время атома» киносының қалың көрерменге берері мол. Мұны туындыны тамашалаған ауыл тұрғындары да өз сөздері арқылы дәлелдеді.

Ерназ Алтайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT