«Береке» мен «Мұрагерде» балабақша салынуда

Жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Құлсары қаласындағы «Береке» ықшамауданында 280 орындық балабақша құрылысы басталып, жұмыстар жүргізілуде.

-Құны 572 662 603 теңгені құрайтын балабақша құрылысына Атырау облысы құрылыс басқармасы тапсырысшы болса, бас мердігер - «Ондасын Строй» ЖШС. Құрылыс 2018 жылы тамыз айында басталды. Құрылыстың межелі ұзақтығы - 15 ай. Жоспар бойынша биыл пайдалануға берілу қажет. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Мұрагер» ықшамауданында 280 орындық балабақша құрылысы жүруде. Оның да тапсырысшысы - Атырау облысы құрылыс басқармасы. Ал бас мердігер - «Дамстрой базы и ЛТД» ЖШС. Бұл құрылыстың сметалық құны 573 731 200 теңге. Құрылыстың нормативті ұзақтығы - 15 ай. 2018 жылы тамыз айында басталған құрылысты биылғы жылы аяқтау жоспарлануда. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде,-дейді аудандық құрылыс бөлімі мамандары.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз