Бейбітшілік – байлықтың бастауы

Ғаламторды ашсақ, әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатырған қантөгістерді көріп, көңілге үрей ұялайды. Іргеміздегі көршілеріміздің қақтығысынан да кей кезде қорқатынымыз жасырын емес. Бірақ, жүзден аса ұлт пен ұлыс мекендеген туған жерімізде мамыражай заман екеніне мақтанып, шүкіршілік ететінім жасырын емес. Бұл жолда ел басшысы Қ.Тоқаевтың еңбегі орасан зор. 

Иә, шыны керек, әлемдік аренада Президентіміздің ықпалы айтарлықтай. Көптеген елмен достық қарым-қатынас құра білген дана басшымыз қашанда көрегенділігімен танылып келеді. Соңғы сұқбатында да соны тағы бір дәлелдеп:
- Қазақстан орналасқан жері, экономикалық әлеуеті және қазіргі геосаясат ахуалы тұрғысынан алғанда, әлемнің көптеген мемлекеті үшін стратегиялық маңызы бар ел саналады. Бізбен байырғы серіктестеріміз ғана емес, сонау Африка құрлығындағы мемлекеттер де достық қатынас құруға мүдделі. Батыста, жалпы жер жүзінде Қазақстанды орта держава деп атайды. Әрине, бұл мәртебенің салмағы да ауыр. Біз, ең алдымен, халықаралық аренадағы іс-әрекеттерімізге жауапкершілікпен қарап, қазіргі заманның аса күрделі мәселелеріне келгенде, сындарлы ұстанымда болуымыз керек,-деген еді.
Бейбіт елдің бастамалары нық, болашағы жарқын, экономикасы тұрақты болары бесенеден белгілі. Сол жолда сыртқы саясатты өте жақсы жүргізіп отырған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтуымыз керек-ақ. Және басшымызға қолдау білдірсек, ел ішінде де толағай табыстарға жетеріміз хақ.

Марзия Дүйсенғалиева, 
Құлсары қаласының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT