Базар мен дүкендердің жұмыс кестесі қандай?

Атыраудағы базарлар мен азық-түлік дүкендеріне жаңа шектеулер әсерін тигізбейді

Жедел штаб жергілікті тұрғындарды сауда нысандарында дүрбелең туғызбауға шақырды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының Бас санитарлық дәрігерінің карантин кезеңінде шектеу шараларын енгізу туралы № 31 қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 15 сәуірінен 1 мамырына дейін азық-түлік дүкендері мен базарлар қатаң белгіленген режимде жұмыс істейтін болады

- Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал, азық-түлік базарлары 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, - деп түсіндірді Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз