АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ҚАУЛЫСЫ
Атырау облысының аумағында 2020 жылдың 27-28 маусым аралығында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шараларын енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 150-бабы, 21-бабы 12-тармағының 6)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Атырау облысы халқы арасында, өндірістік мекемелердегі, оның ішінде вахталық ауысыммен жұмыс жасайтын жұмысшылар арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі-КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және Атырау аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
I. Атырау облысының аумағында қосымша уақытша шектеу шаралары 2020 жылдың 27 маусымы сағат 00:00-ден бастап 29 маусым сағат 00:00-ге дейін енгізілсін.
1. Тыйым салу:
1) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас берулер), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;
2) төмендегі жағдайларды қоспағанда, азаматтардың және көліктердің жүріп-тұруын шектеу:
- жүріп - тұру тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері (жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлік болған жағдайда);
- тұрғылықты жеріне жақын маңдағы дүкендерден, дәріханалардан азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу;
- шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;
- үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету;
3) қосымша уақытша шектеулер кезеңінде 65 жастан асқан тұлғаларға аса қажет болмаса, көшеге шығуға шектеу қойылсын;
4) келесі нысандардың жұмысын тоқтата тұру:
- сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен үйлері, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, базарлар, азық-түлік және азық-түлік емес сауда желілері, "үйдегі дүкендер" форматындағы филиалдарды қоспағанда, жұмыс режимі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;
- Сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шығарып беру сервисі бар қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілерін;
- фитнес-орталықтар мен басқа да спорт нысандары;
- сұлулық салондар, шаштараздар, SPA-орталықтар мен салондар және қызмет көрсету саласының басқа да объектілері;
- қоғамдық моншалар, бассейндер, сауналар;
- туристік аймақтар (қала сыртындағы демалыс аймақтары);
- қоғамдық орындар: саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар және тұрғындардың өзге де демалыс орындары;
- жедел жәрдем көлігін, авариялық қызметтерді және басқа да арнайы органдарды, сондай-ақ елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың көлігін қоспағанда, қоғамдық көліктің жұмысын.
2.Атырау қаласы және аудандық әкімдіктер осы қаулының 1-тармағының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3.Кәсіпкерлік субъектілеріне:
Сауда орталықтары мен үйлерінде, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және азық-түлік емес сауда объектілерінде, қызмет көрсету саласы объектілерінде және басқа да көпшілік жиналатын орындарда уақытша тоқтату кезеңінде меншік нысанына қарамастан ауқымды дезинфекциялық жұмыс жүргізу;
4. Ішкі саясат басқармасы Атырау қаласы және аудандық әкімдіктермен бірлесіп халықты қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы 2 күнге азық-түлік және бірінші кезектегі қажетті заттар қорын жасақтау ұсынысымен жаппай хабардар етуді жүргізсін.
5. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы БМСК ұйымдары мен стационарларда жоспарлы медициналық қызмет көрсетуді тоқтатсын.
6. Атырау облысы полиция департаменті енгізілген қосымша шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастырсын, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу тиісті әкімшілік шаралар қолдансын;
II. COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін өнеркәсіптік кәсіпорындардың, өндірістік, оның ішінде вахталық жұмыс режимі бар объектілердің басшыларына:
1) вахтаға шыққан кезде қызметкерлердің тұрақты тұрғылықты жері бойынша ПТР тестілеуден өтуін қамтамасыз етсін.
2) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №21 қосымшасына сәйкес вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығу (кіру) тәртібін қоса алғанда, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілерде санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды күшейту.
3) вахталық жұмыс режиміне шығатын қызметкерлерді COVID-19 –ға тестілеу кестесін жасақтап аумақтық ТКҚСҚББ-мен келісу.
III. Атырау облысы бойынша шектеу шараларын енгізу және карантин енгізілген аудандарда бұрын қабылданған қаулылар әрекет етуді жалғастырады.
IV. Аталған қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.
V. Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Атырау облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Ж. Досымбаева