Базардағы баға неге өсе береді?

Мониторинг жүргізу барысында азық-түлік және көкөніс тауарларында бағаның өсімі бары байқалды.

Қазір таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілуіне жол бермеу маңызды. Қала ішіндегі орталық базар, сауда орталықтары, базар маңындағы көтерме дүкендеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына "Жылыой адалдық алаңы" жетекшісі Аязбаев Қуаныш, Жылыой аудандық мәслихат депутаты Кенжеғалиев Сайлауғали, "Nur Otan" партиясы маманы, Ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі мамандарымен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына монторинг жүргізілді.

Мониторинг жүргізу барысында азық-түлік және көкөніс тауарларында бағаның өсімі бары байқалды. Сондай-ақ, ауданымызда құс фабрикасы бола тұра дүкен сөрелерінде жұмыртқаның қымбат болуы, кейбір дүкендерде болмауына халық наразылығын білдіріп жатты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қатаң бақылауда ұсталуы керек болғанымен, бағаны тұрақтандыру шараларына немқұрайлы қаралып отырғаны көрініп тұрды.

Мысалы "Лидер"дүкенінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті тұрақтандыру бойынша шектік бағамен сату туралы келісім бар. Дегенмен супермаркетті аралау барысында сатылымда кейбір азық-түлік түрлері болмай шықты.Осы ретте Облыстық тұрақтандыру қоры арқылы шектік бағамен сатылатын 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік "Лидер" дүкенінде сатылатынын айтқымыз келеді. Онда сиыр еті шекті бағамен 1825 теңгеден сатылады екен.

Бағаны тежеу үшін нақты шаралар қолдануға аудан әкімі Жамалов Халел Жамалұлына "Жылыой адалдық алаңы" жетекшісі атынан ұсыныс хат жолданды.

1.Орталық базары, сауда орталықтары, көтерме, бөлшек сауда дүкендер иелерімен кездесу ұйымдастырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын шектік бағадан асырмау үшін меморандумға отыру. 

2.Аудандағы "Лидер" дүкеніне тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақты түрде болуын қамтамасыз ету. 3.Құлсары қаласындағы "Бақай құс" құс фабрикасының жұмыртқасын дүкен сөрелерінде шекті бағамен болуын қамтамасыз ету.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT