Баяншы қыздар

Баяншы қыздар
Фото: автордыкі

Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіріп, олардың қоғамдық көзқарасының дұрыс қалыптасуында эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Бұл ретте жас ұрпақтың өскен ортасын дұрыс таңдауы, адамдарға сүйіспеншілікпен қарауы, жалпы адамгершілік асыл қасиеттерін бойына сіңіруінде музыканың да алатын орны орасан. Оны Құлсары Балалар өнер мектебінде білім алып жатқан шәкірттердің жүзінен де көруге болады.

Дильназ Шарипова 2011 жылы мамыр айының 30-ында дүниеге келді. Отбасында әкесі, анасы, сіңлісі және інісі бар.

-Қызымның өнерге жақындығы бала кезінен байқалды. Мектепке барып жүрсе де, 2021 жылы Құлсары Балалар өнер мектебіне баруға шешім қабылдады. Музыкалық аспаптардан таңдауы баянға түсіп, Алланың қалауымен қазір оны өз деңгейінде меңгеріп жүр. Аудандық, республикалық конкурстардың лауреаты. Қызым Дильназ тек баянмен шектеліп қана қоймай, 2022 жылы осы өнер мектебіндегі эстрадалық вокалға да жазылып, бағын сынады. Бүгінде қолы сәл босай қалса ән айтқанды жақсы көреді. Ал биылдан бастап осы өнер мектебіндегі актёрлік салаға да қызығушылығы артып, қазіргі таңда осы 3 мамандыққа оқып жүр. Құлсары балалар өнер мектебінің ұжымына, қызымның ұстаздары Әсемгүл Амандосқызына, Айымнұр Сәндібайқызына ата-ана тарапынан айтар алғысым шексіз. Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіз биік белестерді бағындыра берсін!,- дейді анасы Маншүк апа.

Өзге бір өнерлі өреніміз Айсана Сағындық 2011 жылдың мамыр айының 18-де дүниеге келген.

-Немерем мектепке дейін футбол ойнағанды жақсы көрді. Қазіргі уақытта мектепте сабақ үлгерімі өте жақсы, қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. Мектепішілік олимпиадалардан жүлделі орындар алып, бізді әрдайым қуантып қояды. Ағылшынға да қосымшаға қатысып, тіл білуге ынтасы артып жүреді. Қызым карантин кезінде «Ұшар» би мектебінде оқып, қыр-сырына үйренді. Өнерге деген ізденісінің арқасында өзі гитара ойнауды меңгеріп алды. 2020 жылы баянға деген қызығушылығы артып, Құлсары Балалар өнер мектебіне баруға ниет білдірді. Біз де өз тарапымыздан ата-ана ретінде қолдау білдірдік. Қазіргі уақытта қызым баян тартудан әртүрлі облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі 1,2,3-орындар алып жүр. Алғаш нота әріптерін танытып, баян үйрету жолында зор еңбек сіңірген, қызымның баянға деген махаббатын оятып, білімін тереңдеткен ұстазына ерекше ризашылығымызды білдіреміз,- дейді әжесі.

Айсана мен Дильназ - №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектебінің 7 «а» сыныбының оқушылары. Бала кезінен құрбы, бір-бірінен ажырамай, ылғи бірге жүреді. Болашағынан зор үміт күттіретін оқушыларымыз – қазіргі таңда мектептің оқушылар оркестрі мен сырнайшылар ансамблінің белді мүшесі.

Татухан БИҒАЛИЕВА, Назерке САЛАУАТОВА,

Құлсары балалар өнер мектебінің оқытушылар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521