«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде түгендеу аяқталды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріндегі тауарлық-материалдық құндылықтар тексерілді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріндегі түгендеу кезінде 10 мыңнан астам тауарлық-материалдық құндылықтар тексерілді.

Әскери бөлімдерде, басқа мемлекеттік мекемелерде сияқты, барлық мүлік қатаң түрде тіркелуі керек - қару-жарақ, әскери техника, жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілері. Бұл мақсатта әр жылдың соңында Қарулы Күштерде материалдық ресурстар мен міндеттемелерді жоспарлы түгендеу жұмыстары жүргізіледі. Әскери бөлімдерде түгендеуді жүргізу жауапты және қажетті ішкі бақылау процедурасы болып табылады. Меншіктің қауіпсіздігіне қатысты мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, жүргізілген түгендеу нәтижелері әскери бөлімдердің басшылығының үнемі бақылауында болады. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әр әскери бөлімінде алдын ала бөлім командирінің бұйрығымен құзырлы лауазымдық тұлғалар арасынан қорлардың барлық түрлерін тексеретін комиссиялар құрылды және түгендеудің басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді.

«Жыл сайын, жылдық қаржылық есептеме жасалмас бұрын, Қарулы Күштерде түгендеу жұмыстары жүргізіледі. Басты міндет - ұзақ мерзімді активтердің, резервтердің, ақша қаражаттарының және басқа активтердің нақты қолжетімділігін бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру, сондай-ақ материалдық құндылықтарды сақтау ережелері мен шарттарының сақталуын тексеру», - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшыының қаржы жұмыстары бойынша көмекшісі подполковник, Қанат Әбуев.

Түгендеу комиссияларының жұмысы аяқталғаннан кейін қажетті актілер жасалып, олар бөлім командирлеріне бекітілуге ұсынылады.

Атырау гарнизонының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521