«Батыс» өңірлік қолбасшылығының 200 сарбазы ант берді

ken-zhyloi.kz

Жас толысым сарбаздарын әскери антқа келтіруге арналған салтанатты іс-шаралар Атырау, Ақтөбе қалаларында және Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында өтті. Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстарынан 200-ден астам әскери қызметшілер Отанға адал болуға ант берді.

Іс-шараға «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасарлары мен әскери бөлімдердің командирлері қатысты. Карантиндік шектеулерге байланысты рәсім ата-аналардың қатысуынсыз өтті.

- Мені әскери қызметке Алматы облысы, Жаркент қаласынан келдім. Бөлімге келгеннен кейін әскери дайындық бірден басталды. Ант бергенге дейін бәрімізде толқулар болды, бірақ бәрі жоспар бойынша өтті, - дейді әскер қатарына шақырылушы Исламбек Еркімбеков.

Жас толықтырушылар кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша жауынгерлік дайындықтарын жалғастырады, осылайша олар артиллеристер, барлаушылар, байланысшылар, атқыштар және басқа әскери мамандар ретінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерімен бір құрамда тұрады.

Әскери ант - бұл әрбір жас сарбаз үшін ерекше әскери жоралғы, шынайы қызмет басталатын жауапты да қызықты сәт.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT