БАСЫЛЫМҒА ЖАЗЫЛУ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

 Қазан айының 10-ынан бастап еліміз бойынша 2024 жылдың баспасөзіне жазылу науқаны басталды. Оны жүзеге асыратын бірден-бір мекеме – «Қазпочта» АҚ науқанның тұсауын «Ашық есік» күнімен кесті. Бұл шара Құлсары қаласындағы орталық почта ғимаратында да ұйымдастырылды.

 Ауа райының жауын-шашынды болғанына қарамастан «Ашық есік» күніне аяқтай келген адамдар аз болмады. Оларды Гүлшат Нұрмаханова бастаған почта бөлімшесінің қызметкерлері жылы ұшырай қарсы алып, арнайы жайылған шағын дастарханнан ауыз тигізді.

 Газет-журналға жазылу үшін алғашқылардың бірі болып келген Құлсары қаласының 8-учаске тұрғыны, зейнеткер Қазбөлек Оңғарбаев болды. Ол сол жерде аудандық «Кең Жылой» және республикалық «Құлсары» газеттеріне бірден бір жылға жазылды. Ақылбай Жөкешов, Түсіпқали Қожамбетов, Мырзағалиев есімді ардагер азаматтар да одан қалысқан жоқ. Әрқайсысы бір жылдан жергілікті екі басылымды алдырып оқуға шешім қабылдады.

 «Қазпочта» АҚ аудандық бөлімшесінің басшысы Гүлшат Нұрмаханованың айтуынша, жалпы сол күнгі «Ашық есік» күнінде аудан бойынша 27 адам түрлі газеттерге жазылған. Олардың басым көпшілігі жергілікті мерзімді басылымдарды таңдағаны белгілі болды.

 Оқырмандар «Ашық есік» күніне жай қатысып қана қойған жоқ, өздерінің көкейде жүрген ұсыныс-пікірлерін де ортаға салды.

Е.ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521