Басты мақсат - жұмыссыздар санын азайту

Аудан әкімі жұмыссыздардың Теңіз кенішіндегі жобаға жұмысқа қабылдауы жөнінде әр мекеме басшыларын тыңдады.

Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданда жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу және жұмысқа орналастыру мақсатында аудан әкімі Халел Жамаловтың төрағалығымен, бас санитарлық дәрігердің талаптарын сақтай отырып «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты Теңіз кенішіндегі 12 ірі мердігер мекемелер басшыларын жұмыссыздық мәселесі бойынша қабылдады.

Теңіз кенішіндегі «Сенімді құрылыс», «ЮСС Супорт Сервисез», «Монтажспецстрой», «Арктик Экуипмент Казахстан», «КазСтройСервис», «АСG», «Кентек ККТС», «Умирзак-Сервис»», «Урпақ А», «Компас-Сервис», «Сапсан», «Тесла Тан» ЖШС-нің және т.б. мекеме басшылары және өкілдері қатысты.

Кездесуді аудан әкімі Х.Жамалов ашып, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Қ.Омаров жиынға қатысқан мекемелердің жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстары туралы мәлімдеме жасады. Аудан әкімі жергілікті жұмыссыздардың Теңіз кенішіндегі жобаға жұмысқа қабылдауы жөнінде әр мекеме басшыларын тыңдады.

Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Қ.Омаров жазасын өтеп келген, пробация есебінде тұрған және мүмкіндігі шектеулі жұмыссыз жандарды, аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздық есебінде тіркелген, аталған санаттағы тұлғаларды Қазақстан Республикасының Заңдылығына сәйкес квота арқылы жұмысқа алу міндеттілігін атап өтті.

- Теңіз кенішіндегі орналасқан мердігер мекемелерге жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтылуын, ҚР заңдылығына сәйкес тиісті түрде жаңа жұмыс орындарын аудандық жұмыспен қамту орталығына сұраныстар беру және осы жоғарыда аталған мәселелерді басты назарда ұстайтынын жеткізді,- аудан әкімі Халел Жамалов.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521