Бастауыш партия ұйымында келелі мәселелер талқыланды

Кешегі орын алған індет кезіндегі дәрігерлердің ерен еңбегі тек біздің ғана емес, барша Жылыой жұртшылығының көз алдынан кетпек емес.

«Дәрігерлердің толыққанды өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызу – біздің ең негізгі міндеттеріміздің бірі» - дейді «Nur Otan» партиясының мүшелері. Ақ халатты абзал жандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесін аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Құлсары аумақтық» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен өткен онлайн кездесуде сөз етті. Нұротандықтар медицина мамандарын баспанамен қамтып, тұрмысын түзеп, олардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызу арқылы аудан халқының денсаулығын жақсартуды, өлім-жітімді азайтуды көздеп отыр.

-Біз өз бағдарламамызда дәрігерлерге, жалпы медицина саласына үлкен басымдық беріп отырмыз. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. Кешегі орын алған індет кезіндегі дәрігерлердің ерен еңбегі тек біздің ғана емес, барша Жылыой жұртшылығының көз алдынан кетпек емес. Дәрігерлер халыққа шын жаны ашып, кеңпейілділік танытса, олардың бір ауыз жылы сөзінен-ақ халық науқасынан жазылып кетуші еді. Ал біздің ақ адал жандарымыз ауыр шақта сөзімен де, ісімен де індетке шалдыққан адамдарға дем берді. Өз басын қатерге тіксе де, өзгенің өміріне араша бола білді. Біз медицина мамандарының жағдайын жасап, аудандық аурухана мен емдеу орындарына жас мамандарды көптеп тарту арқылы халықтың саулығын сақтап, өмір сүру жасын орта есеппен 75 жасқа ұзартуды көздеп отырмыз, – деді аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сайлаубай Таласов.

Ол жерлестерін келер жылғы саяси науқанда сайлаушыларды билік партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.

221220

Әрине, қарапайым халық партия белсенділерінен тың идеяларды, ел дамуы жолындағы жаңашыл бастамаларды күтеді. «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет жүзеге асқан «Праймериз-2020» саяси додасында жас та болса, елге бас болатын көшбасшылар алға суырылып шығып, өзінің мықтылығын дәлелдеді. Енді алдағы сайлау науқанында ең беделді партияның өкілдері халықтың қолдауына ие болып, бесжылдық бағдарламаның айқын бағыттарын мемлекет мүддесі жолында іске асырмақ.

Аудандық мәслихатқа үміткерлердің бірі - Қуаныш Аязбаев. «Nur Otan» партиясының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан әлемдегі бейбітшілік пен келісім еліне айналып отырғанын тілге тиек етті.

-Осындай бейбіт заманда бақытты күн кешіп жатқанымыздың өзі партияның жүргізіп отырған саясатының дұрыстығынан деп ойлаймын. Бүгінге дейін көптеген мәселелер жолға қойылып, биік-биік белестерді бағындырып келеміз. Болашақта шешілуі тиіс мәселелер де жоқ емес. Әлі күнге түйіні тарқатылмай келе жатқан мәселелерді оң шешу үшін «Nur Otan» партиясы праймериз өткізді. Негізгі мақсат - елдің, халықтың арасынан жаңаша жаңалық иелерін, осы бағдарламаларды жүзеге асыратын мықтыларды іріктеу болатын. Сол үміт ақталды. Бүгінде кандидаттар белсенділігін танытып, халыққа сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді ол.

Кездесу кезінде үміткерлер ауданның жан-жақты дамуына арналған жеті бағыттан тұратын бағдарламаның мазмұнымен таныстырып өтті.

-Жастарды кәсіпкерлікке баулу, тұрғындарды тұрақты жұмыспен, үй-жаймен қамтамасыз ету -  бағдарламаға енгізілген маңызды міндеттердің бірі әрі бірегейі, – дейді үміткер Ақылбек Едігеев.

Ш.Хамитова

"Nur Otan" партиясының Атырау облысы Жылыой ауданының

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521