Басшылыққа конкурссыз тағайындалды

Таңғы жүгірісімен талайды ұйқысынан оятып, түрлі марафондарда жүлделі орындарды қанжығасына байлаған, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне 30 шақырым қашықтықты бағындырып, Құлсары мен Ақкиізтоғайға дейін желіп жеткен ауданға белгілі Әлібек Науаров басшылық қызметке тағайындалды. Ол таяуда Қазақтан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "Бизнес және басқару" магистрі бойынша үздік бітірген еді. Ал ондай білімді түлектер бір жыл ішінде конкурссыз-ақ басшылық қызметке тағайындалу мүмкіндігі бар.

Әлібек Қойшыбайұлы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ә. Науаров - білімі жоғары. Мемлекеттік қызметке дейін бюджеттік және жеке секторларда еңбек еткен. Кейін мемлекеттік қызметке ауысып аудан әкімдігінің, Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнафис Айшуақова жаңа басшыны ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз