Баспана - басты мәселе

Қабылдауға келген тұрғындарға барлық мәселе заң шеңберінде шешімін табатыны түсіндірілді.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Азамат Бекет аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Оған филиал төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов, аудан әкімдігінің аппарат басшысы Аманқос Нұғыман, қала әкімі Ернар Ысмағұл, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мереке Зейнуллин қатысты. Қабылдауға келген тұрғындардың дені баспана мәселесін көтерді. Олардың бірі ауданда тұрғын үй кезегінде тұрса, тағы бірі есепке тіркелмеген.

kabildau231

Аудан әкімі Құлсары қаласында 5 қабатты 3 үйдің құрылысы жүріп жатқанын айтты. Жоспар бойынша оның құрылысы биыл тамыз-қыркүйек айында аяқталуы тиіс екен. Қазіргі кезде тұрғын үй кезегінде тұрғандар 6 санатқа бөлінген. Кезекте 1800-ден астам адам тұр. Жалпы қалада 5 қабатты барлығы 12 үй салу жоспарланыпты. Қаладағы көппәтерлі 2 қатарлы үйлердің тұрғындары үйлерін жөндеп беруге көмектесуді өтінді.

Қала әкімі бұл мәселелер пәтер иелері кооперативін құру арқылы тұрғындардың күштерімен жасалатынын түсіндірді. Ал орталық көшедегі үйлерді демеушілік көмекпен кәсіпкерлер жөндеп берген. Аудан әкімі Махамбет даңғылындағы 2 қатарлы ескі үйлерді бұзып, көшені кеңейту жоспарда бар екенін айтты. Дегенмен бұл жұмыстардың нақты қай уақытта басталатыны әзірге белгісіз. Қабылдауға келген «Автожолшылар» ықшамауданы тұрғындары өздері тұратын көшеде тасжол жоқтығын айтты. Бұл мәселені көтерген тұрғындарға алдағы уақытта мүмкіндіктер қарастырылатын болды. Қабылдауға келген тұрғындарға барлық мәселе заң шеңберінде шешімін табатыны түсіндірілді.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521