Бас имам Жылыой ауданына арнайы сапармен келді

Бас имам Жылыой ауданына арнайы сапармен келді

Сапарымыздың мақсаты – шалғай ауылдардағы мешіттердің ахуалын білу. Жергілікті халықпен етене танысу.

Сапар аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы шалғайда орналасқан Майкөмген ауылына арнайы барды, -деп хабарлайды Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.

Майкөмген мешітіне барып, ондағы ахуалмен танысқан Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы санитарлық талаптарды сақтай отырып, құлшылық үйінің жұмысын жандандыру, уағыз – насихат, қайырымдылық бағытындағы шараларды күшейту жөнінде тапсырмалар берді. Және жергілікті Майкөмген ауылдық медицина мекемесіне арнайы барып, дәрігерлерге оттегі концентраторын табыс етті.

“Сапарымыздың мақсаты – шалғай ауылдардағы мешіттердің ахуалын білу. Жергілікті халықпен етене танысу. Осыған байланысты, Майкөмген ауылына арнайы барып отырмыз. Мешіт – тәрбиенің сонымен бірге, білімнің, бірліктің ошағы. Жергілікті медициналық мекемеге оттегі концентраторын табыстау арқылы, әлемге тарап жатқан пандемия жағдайында бірліктің маңызды екенін көрсеткіміз келді” дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

"Жылыой-ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз